jasqazaq.kz

«Алматы Тауэрс» өрт құрбандарының отбасыларына 3 млн. теңгеден төлейді

09 қараша 2016, 16:49

snimok

«Алматы Тауэрстегі» өрт кезінде қаза болғандардың отбасыларына 3 млн. теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы оқиға болған жерде Алматы әкімі Бауыржан Байбекке «Алматы Тауэрс» басқарушы компания өкілі Аблимит Рахматуллаев баяндады.

71cf82172793ac76a23f5c2433f39218

Қала әкімі қаза болғандарға көңіл айтып, олардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. «Қазіргі кезде оларға барынша үлкен көмек көрсетіп, жерлеу мен оған кететін шығындар мәселелерінің барлығын шешу қажет. Ешкім назардан тыс қалмасын. Комиссия барлық тексеру жұмыстарын ашық және жариялы түрде жүргізеді. Қысқа мерзім ішінде толық есеп берілуі тиіс», — деп атап өтті Б.Байбек. Өз кезегінде «Алматы Тауэрс» басқарушы компания өкілі өрт кезінде қаза болғандар отбасыларына бүгіннен бастап материалдық көмектің берілетінін айтты. «Осы қайғылы оқиға барысында мерт болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Біздің компания басшылығы барлық қайтыс болғандардың отбасыларына 3 млн. теңгеден қаржылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл төлемдер бүгіннен бастап беріледі», — деді А.Рахматуллаев. «Батутный центр» ЖШС директоры Даурен Тұяқов жерлеу рәсіміне көмек көрсетіп, зардап шеккендерге өтемақы төлейтіндіктерін жеткізді. Қаза болғандар оқитын ЖОО-да материалдық көмек көрсететін болады.

2c35c73324420100cbefd0295469ee0f

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы Серік Әубәкіров өрттің шығуына қатысты қайғылы оқиғаның дәнекерлеу жұмыстары барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан немесе апатты жағдайдағы электрқондырғыларынан болуы мүмкін деген екі болжамның қарастырылып жатқандығын айтты. «Әкім өрттің неден болғандығын жете тексеру жөнінде тапсырма берді. Осыған орай, оқиға орнында ТЖД-нің арнайы зертханасы жұмыс істеуде. Оқиға орны тексерілді, оны ҚР ІІМ-інің өрт қауіпсіздігі Институты мен Төтенше жағдайлар жөніндегі азаматтық қорғаныс комитетінің арнайы мамандары жүргізді», — деп атап өтті С.Әубәкіров. Бұдан өзге, Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров қайғылы оқиғаға қатысты 292 тараптың 3 тармағы (өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы салдарынан екі және одан да көп адамның қаза болуы) бойынша қылмысты іс қозғалғандығынан хабардар етті. Тергеу шаралары жүргізіліп, қаза болғандардың жеке бастары анықталды.

inform.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету