Алматы полициясы аңқауды алдаған алаяқтарды жылдам ұстады

16 мамыр 2023, 16:26

Алматы полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілерді анықтады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Наурызбай ауданының тұрғыны алаяқтарға жем болды. Оған танымайтын бір адам қоңырау соғып, алдап соққан.
«Қоңырау шалған азамат өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырып, белгісіз біреулер оның атына несие рәсімдемек болып жатқанын айтқан. Жәбірленушіні оған көмектесетініне бірден сендіріп, нұсқауларын бұлжытпай орындауды талап еткен. Алдымен «банк қызметкерінің» талабы бойынша жәбірленуші телефонына күмәнді қосымшаны жүктеп алған, бұл алаяқтарға оның мобильді банкингіне қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сосын телефон шалушының айтуымен телефонына екінші деңгейлі тағы үш банктің қосымшасын жүктеп алған. Осылайша, олар жәбірленушінің атына 7,2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Полиция өкілінің сөзінше, аталған қылмысты ашу үшін қалалық криминалдық полиция және Наурызбай аудандық ПБ-ның қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырмақ болған 29 және 34 жастағы екі азамат ұсталып, қамауға алынды. Қазір алаяқтықтың басқа қатысушыларын ұстауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Дидар Аханов ҚР ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын атап өтті.

JQ-Aqparat

22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде
21 шiлде, 10:14
Түркістан: Полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды
21 шiлде, 10:13
Түркістан: Бас полицейдің жеке қабылдауы және күре жолдағы акция
21 шiлде, 10:08
Түркістан: «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы түрлі құқық бұзушылықты анықтады  
17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр