jasqazaq.kz

Алматы орталығында жарық өшіп, ұзын сонар кептеліс пайда болды

02 қараша 2017, 17:09

Алматы орталығында жарық өшіп, ұзын сонар кептеліс пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алатау жарық Компаниясы» АҚ баспасөз хатшысы Лаура Ибраева штаттан тыс жағдай тексеріліп жатқанын айтты. «Қаланың бірқатар аудандарында жарық өшіп қалды. Қазір апатты қалпына келтіру бригадалары оқиға орнына шығып кетті. Толығырақ мәлімет кейінірек болады», — деді Лаура Ибраева. Түскі сағат 15:00-дер шамасында Абай, Сәтбаев, Манас, Розыбакиев, Әуезов, Жароков, Өтеген батыр көшелерінде және Алмагүл ауданында жарық өшіп қалған. Соның салдарынан бағдаршамдар істен шығып, троллейбустар тоқтап, жолды бөгеп қалған. 1 сағаттан соң кейбір көшелерге ішінара жарық берілді.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы