jasqazaq.kz

Алматы облысының ең үздік ұстазы пәтерінен қуылып жатыр

24 қараша 2017, 23:13

Алматы облысында сот «Жыл мұғалімі» байқауы жеңімпазының баспанасын тартып алу туралы шешім шығарды. Қалалық әкімдіктегілер мектеп ұстазы Нұрлан Нұрбаевтың Талдықорғанда тұрмайтынын айтып, шағым түсірген еді.Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

Ең қызығы, бұл баспананың кілтін 2012 жылы үздік атанған мұғалімге сол кездегі аймақ басшысы өз қолымен ұстатқан. Енді ұстаз білім берудің орнына шенеуніктермен дауласуға мәжбүр.

Осыдан бес жыл бұрын Нұрлан Нұрбаев мұғалімдер арасындағы байқаудан жеңіп шығады. Сол кездегі облыс әкімі, қазіргі сенатор Аңсар Мұсаханов екі бөлмелі пәтер кілтін қолына ұстатқанда қатты қуанған. Енді сол сыйлықты шенеуніктер тартып алып жатыр.

Нұрлан Нұрбаев, «Жыл мұғалімі-2012» байқауының жеңімпазы:

-Бұл пәтер мәселесі әрбір ұстаздың арманы десе де болады. Бұл үлкен еңбекпен келген нәрсе. Менің мақсатым осы өз еңбегіммен келген пәтеріме қандай жағдай болса да қол жеткізіп, өзімде қалдыру.

Әкімдіктегілер Нұрланның Талдырқорғанда тұрмай, ауыл мектебіне директор болып кеткенін желеу етіп сотқа берген. Қалалық сот баспананы ұстаздың меншігінде қалдыру керек десе, апелляциялық сатыда шешім керісінше шығыпты.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті