jasqazaq.kz

Алматы облысында жол ережесін бұзбаған жүргізушілер марапатталды

20 қазан 2017, 21:31

Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі жолда қабылдау акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Акцияның мақсаты халықты қоғамдық және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бойынша құлақтандыру.

Қоғамда құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» принципін қалыптастыру. «Бұл акция азаматтарға оларға қолайлы уақыт пен ыңғайлы жерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында консультативтік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді. Сол үшін біз өзіміздің мобильдік пункттерімізді облыстың тұрғындар көп шоғырланатын жерлеріне қойдық. Халықпен тілдесу жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша азаматтарда туындаған сұрақтарды талқылау түрінде өтті», — деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Айжан Әлібайқызы. Акция барысында облыс бойынша 1623 жүргізуші арасында сауалнама жүргізілді. Көлік басқару кезінде Жол жүру ережесін бұзу бойынша жауапкершілікке тартылмаған жүргізушілер ЖПҚ басшылығының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ жүргізушілерге жол жүру ережесін сақтауға шақыратын буклеттер мен жадынамалар таратылды. Бұдан басқа іс-шараға денсаулық сақтау ұйымының өкілдері де қатысып, азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру туралы айтты. Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығын осындай акцияға жиі қатысуға шақырады.

 

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс