jasqazaq.kz

Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жарылыстың алдын алды

18 тамыз 2022, 10:34

Қоғамдық тамақтану орнынан қою түтін будақтап жатқанын байқаған әскери қызметші жарылыстың алдын алу үшін газ балондары мен тез тұтанатын заттарды сыртқа шығарып, өрт сөндірушілер келгенше жалынмен жалғыз күресті. Бұл туралы   ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға 13 тамызда Алматы облысындағы Қаракемер ауылынан бірнеше шақырым жерде болған. Алайда, әскери қызметшінің бұл ерлігі жуырда ғана кафе иелерінің атынан бөлімге жеткен алғыс хат арқылы аян етіледі.

Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің қызметшісі, подполковник Бақыт Ташкенбаев отбасымен Есік елді мекеніне бара жатқанда жол бойындағы кафеден шыққан қалың түтінді байқайды. Офицер тоқтай қалып, бірден көмекке жүгіреді.

«Кафеде тек әйел адамдар ғана болды. Ең алдымен, түтіндеп жатқан ас үйге жүгірдім. Екі газ балонын далаға шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залы екен. Жиһазды шығардым, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», — дейді Бақыт Ташкенбаев.

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі құтқарушылар жеткенге дейін өртті алғашқы сөндіру құралдарымен өз бетінше өшіріп, эвакуациялық өткелдерді бөгде заттардан босатады. Өрт сөндіру командасы жеткеннен кейін де батылдығы мен кәсібилігін көрсетіп, көмегін жалғастырады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті