jasqazaq.kz

Алматы облысында төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды (Видео)

03 қыркүйек 2021, 10:07

Алматы облысында төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Күдіктілер ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Олардың үшеуі 17 жаста, біреуі 18 жаста. Күдіктінің үшеуі Текелі қаласының тұрғыны.

Полиция ақпаратты растады. Жәбірленуші қыздың әкесі арыз түсіргеннен кейін күдіктілер бірден ұсталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, жастар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Алматы облысының ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Бүгін, 13:05
Ілияс Қазиев: Алматы тұрғындарына сапалы ауыз су жеткізу – басты міндет
20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін