Алматы облысында Құлжа тас жолында жол апаты болып, жеті адам көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға түсті. Көз жұмғандардың төртеуі бала.
Оқиға Алматы — Көкпек-Көктал жолында 19 маусымда болған. Түгі қалмаған көліктердің суреті әлеуметтік желіде таралды.
Toyota Rav4 маркалы көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі Audi көлігіне соғылған. Салдарынан автокөліктің жүргізушілері мен үш жолаушы көз жұмған. Тағы екеуі ауруханада жан тәсілім етті. Мерт болғандардың арасында төрт айлық сәби де бар. Тағы үш адам қазір дәрігерлер бақылауында.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол апатының себептері айқындалуда.
Stan.kz