Алматы облысында пара алған жол полицейіне үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алакөл ауданының соты Р. есімді азаматтың мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Сондай-ақ оған параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды. Сот материалдарына сәйкес жол полициясының қызметкері Р. жүргізуші Б. есімді азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жүк тасымалдау кезінде жалпы қамқорлығы үшін 50000 теңге пара алғаны анықталды. Сот барысында айыптаушы тарап пен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалды. Нәтижесінде парақор полицей ел қазынасына 3 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді. Сот үкімі әлі заңды күшіне еңген жоқ.