jasqazaq.kz

Алматы облысында Нарынқол ауданы қайта жаңғырады

01 қараша 2017, 15:38

Алматы облысында Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 га болатын жаңа аудан құрылады, –  деп хабарлады ҚазАқпарат. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Еске сала кетсек, Биыл тамыз айында Алматы облысы мәслихатының отырысында облыс құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 га болатын жаңа аудан құру жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс жасалды және жаңа құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсыныс жіберілді. «Үкімет қаулысы мен Елбасы шешімі шыққан соң, жаңа ауданның құрылатынын халыққа қуанышпен хабарлағалы отырмыз. Нарынқолға барғанда, жастардың жұмыс іздеп Алматыға ағылғанын көрдік, қалада базар жағалап жүргендерін көрдік. Сол себепті бұрынғы Нарынқол ауданын қайта құру туралы ұсыныс жасадық. Енді процедуралық жұмыстар қалды. Әзірге арнайы комиссия құрып, Нарынқолдың ғимараттарын тексеріп, келесі жылдың бюджетіне жоспар құруымыз қажет», — деді А.Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде. Айта кетейік, Алматы облысында 16 аудан бар, қайта құрылатын Нарынқол ауданы 17-ші болып тіркелмек.

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы