jasqazaq.kz

Алматы облысында асырап алған балаларды ұрып-соққан әйел пікір білдірді (Видео)

01 қыркүйек 2022, 10:40

Алматы облысында күйеуімен бірге асырап алған балаларды соққыға жыққан әйел өз кінәсін мойындамай отыр. Бұл туралы ол КТК телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Зура Өмірзақованың айтуынша, ол тек тәрбиелеумен айналысқан. Сол күні балалар жанжалдасқаннан кейін күш қолдануға мәжбүр болған.

«Ұрлық жасағаннан кейін, өтірік айтқаннан кейін «жасың 18-ге келді ғой» деп, ақылымды айтқам. Ешқандай арам ойым болған жоқ. Бір айттым. Екі айттым. Тіл алмаған соң, ұрдым. «Қойыңдар» деп дауыс көтеретін шығармын. Бірақ балағаттамаймын. Мен дұрыс тәрбие беріп жатырмын деп ойлаймын», — деді Зура Өмірзақова.

Ал, балалардың соққыға жығылғанын видеоға түсіріп алған көршісі шулы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Үнемі балалар айғайлап, көмек сұрап жатады. Біз өткен жылы тиісті органға хабарлағанбыз. Сол уақытта бұл отбасы үйінің ауласындағы монша мен сарайды осы кішкентай балаларға салдыртқан. Он жастан асқан ұлдардың 17 келілік кірпіш тасып жүргенін көргенде жүрегім ауырған. Видеоға түсірдік. Бірақ білім бөліміндегілер ешқандай шара қолданған жоқ», — деді Кахрамон Исанбетов.

Телеарна мәліметінше, бұрын әйелдің өз балалары мен күйеуі болған. Бірақ бес жыл бұрын күйеуі пәтерде өзін өртеп жіберіп, ұлы мен қызы да қайтыс болыпты.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті