jasqazaq.kz

Алматы облысы: «Айтуар» бөгетін ашып жіберген азамат табылмай жатыр

19 ақпан, 10:24

Алматы облысындағы қарасты «Айтуар» бөгетін ашып жіберген азамат әлі табылмады. Өткен түні Көлащы аулы маңындағы бірнеше саяжайдың ауласын су басты. Бұған себеп: белгісіз біреу Қаскелең өзенінен суару каналына су жіберетін шлюзды ашып кеткен. Тіпті тасқын су кей баспаналардың ішіне дейін кіріпті. Құқық қорғау органдары шлюзды ашқан азаматты анықтау үшін тергеу жүргізуде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қаскелең өзенінен шаруашылық қажеттіне арналған суару каналына суды бағыттайтын шлюзды белгісіз біреу ашып кеткен. Соның салдарынан су көлемі ұлғайып арнасынан асқан. Сөйтіп Көлащы ауылының маңында орналасқан саяжайға қарасты төрт үйдің ауласын су басқан. Саяжай тұрғыны Амангүл Қыдыралиеваның айтуынша, екі күн бұрын аулаға біртіндеп су кірген. Ақыры үйінің маңы көлшікке айналып, ауласын қара су басқан. Тіпті баспанасының едені де шөге бастаған.

Амангүл Қыдыралиева:

— Жаңа салған үйімізді су алып кетті. Үйіміздің іші отырып кетті. Іргетасы ойылып жатыр кәдімгідей. Шеттері де ойылып жатыр, ана бөлмелердің.

Саяжай тұрғындарының резеңке етікпен жүргеніне екі күн болған. Айтуларынша, өз күшімен канал маңына құм мен бөгет орнатыпты. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігінің арқасында өзге тұрғын үйлерге судың енуіне жол берілмеді дейді.

Айгүл Қалыбекова:

— Кеше екі күн бойы су тасқыны болды. Әкімшілікке де жолықтық. Ештеңе істей алмады. Өзіміз ар жақтан жапқан болып, барлық көрші жүгірді. Кебір үйлердің ішіне дейін су кіріп, едені көтеріліп кетті. Бала-шағаның бәрін туысқандарымызға көшірдік. Жағдай қиын болды.

Жергілікті тұрғындар бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес дейді. Осындай су басу көбіне көктем мезгілінде болатын көрінеді.

Қамажай Сұражаддинова:

— Су басып кете береді. Үйлердің бәріне су кіріп кетті. Бала-шағамен у-шу болып, өзіміз зорға салған үйіміз ғой. Қорқамыз, үйімізді басып кете ме деп.

Тасқынға тосқын қою үшін мамандармен бірігіп ауыл тұрғындары да құм салынған қаптардан бөгет жасапты. Қазір зардап шеккен саяжай аулаларды қалпына келтіре бастаған. Аулаға кірген суды арнайы құрылғылармен сорылып, әр жерге бөгет қойылған.

Ержан Хасен, Жібек жолы ауыл округі әкімінің орынбасары:

— Айтуар каналының ауыл сыртымен айналып өзенге қосылатын судың бөгетті жауып, шаруа қожалықтары су алатын бөгетті ашып кеткен. Белігісіз бір кісілер. Сол себепті мына каналдың суы тасып, осы жердегі ауыл сайда орналасқандықтан, сайға қарай су ағып, үйлердің ауласын су алды. Негізгі себебі сол. Шамамен бұл жерде 25 үй бар. Сол 25 үйдің төрт үйін су алды. Кеше аралап көріп шықтық, Төрт үйдің ауласын су алды.

 

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан