jasqazaq.kz

Алматы мен Астанада арнайы жасақ қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді

03 қараша 2017, 22:16

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік қызметі Алматы мен Астанада қылмыстық топтың мүшелерін құрықтау үшін арнайы операция жүргізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2017 жылғы 26-27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күшімен Астана және Алматы қалаларында есірткі құралдары мен психотроптық/синтетикалық заттарды таратумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталған кең ауқымды арнайы операция өткізілді.

Жабық вэб-кеңістікті мониторингілеу барысында сатып алушылармен онлайн-режимде есірткі құралдары және психотроптық заттар сатып алынып отырған жекелеген ғаламтор-дүкендері анықталды.

«QIWI-әмияндарға» ақша қаражаттарын аудару жолымен есірткі заттарына төлемдер алғаннан кейін, сайт әкімшілері есірткі сатып алушыларға тыйым салынған заттардың жасырын орындарын хабарлап отырған.

Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осыған дейін ұсталған қылмыстық топтардың мүшелерінің қылмыстық байланыстары, Алматы және Ақтөбе қалаларының аумағында осыған ұқсас жолмен есірткі құралдары мен психотроптық заттарды таратумен айналысқан оңтүстік астананың екі тұрғыны анықталды.

2017 жылғы 3 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсетілген тұлғаларды Алматы қаласында ұстады. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде барлығы 12 есірткі сатушының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді.

Сонымен бірге жоғарыда аталған сайттарды есірткі заттарын алу үшін пайдаланған адамдарды анықтау бойынша тиісті жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы