jasqazaq.kz

Алматы маңында ерлі-зайыптылар мефедрон өндірген (Видео)

29 қыркүйек 2022, 16:51

Алматы маңында ерлі-зайыптылар мефедрон өндірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық өндіріс Алматы облысы Іле ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан. – 36 жастағы Ж.есімді азамат пен 29 жатсағы Ж.есімді азаматша ұсталды. Олар ерлі-зайыптылар болып шықты. Жалдамалы баспанасынан екі келіден астам ұнтақты зат, 7 литр сұйықтық құйылған шыны колба, канистрдегі 40 литрге жуық химиялық заттар, 7 келіге жуық ұнтақталған химиялық заттар, есірткіні сатушылардың синтетикалық есірткі – мефедрон жасау кезінде пайдаланған өсімдіктері бар түптері мен құралдары табылды. Іскер жұп нұсқаулықтарды интернет арқылы, ал шикізаттарды жасырылған орындардан алғанын айтты. Ұсталғандардың айтуынша, “жұмыс беруші” синтетикалық есірткінің әр келісі үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге уәде еткен, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. Аталған дерек ҚР ҚК-ның 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық істі аумақтық бөлінісі бойынша Алматы облысы Іле ауданының Полиция басқармасы тергеп жатыр.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті