Желіде Алматы көшелерімен автобус кортежінің жүріп өткен видеосы пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеода бірнеше безендірілген автобус түсірілген, олар дыбыстық сигналдар шығарып, «Көк базар» ауданындағы Пушкин көшесімен жүріп өтті. Айта кетейік, автобустарда және роликте былай жазылған: «Кішігірім әзіл. Кондуктор үйленген сәтте» — деп жазылған. Ал үйленіп жатқан жас жұбайлардың есімі «Қалқа мен Шырын» екен.