jasqazaq.kz

Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес

25 қыркүйек 2025, 13:46

Алматы сияқты алып шаһарда көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, қала басшылығы тарапынан метро, LRT, BRT желілері құрылысына, сондай-ақ радиалды және магистральдық жолдарды салуға басымдық беріліп отыр.

Қазіргі уақытта ұзындығы 32,5 шақырымға созылатын LRT желісінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Алатау ауданындағы Индустриалдық аймақта депо құрылысы жоспарланып қойды. Депо «Алматы-2» теміржолын «Барлық» және «Шығыс» көлік тораптарына жалғайды.

Оған қоса, Желтоқсан көшесі мен Райымбек батыр даңғылындағы BRT және «Алматы-3» теміржол вокзалы құрылысын бастауға дайындық жүріп жатыр.

Шаһар тұрғындары үшін маңызды көліктің бірі метро екені сөзсіз. Қаланың бір бұрышынан екінші бұрышына жылдам жеткізетін жүрдек көліктің бағытын кеңейту жоспары жасалған. Оған сәйкес, метро желісі «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін созылады. (5,3 шақырым, 3 станция), сондай-ақ «Жібек жолы» станциясынан әуежайға (14 шақырым, 8 станция) дейін ұзарту көзделген. Таяу болашақта «Сайран» станциясынан «Алатау» қаласына апаратын үшінші желінің (21,5 шақырым, 12 станция) құрылысы жоспарланып қойды.

Осы жобаларды жүзеге асыру үшін нақты орындау мерзімі мен іске асырушыларға дейін көрсетілген жол картасы әзірленді.

Айта кеткен жөн, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көлік инфрақұрылымы саласын өз бақылауында ұстайды. Шаһар басшысы жуырда метро желісінің құрылысы қалай жүріп жатқанын өз көзімен көрген болатын. Қазіргі кезде «Қалқаман» станциясында бетон құю жұмыстары аяқталған соң, инженерлік және әрлеу жұмыстары басталуы тиіс. Іске қосылғаннан кейін бұл станция күніне 100 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Жобаға сәйкес, ұзындығы 3 шақырымға созылатын екі тоннель салынады. Тоннельдің біреуі салынып біткен. Қазір онда жаңа технологияға сай, яғни пойыздың дыбыссыз жүруін қамтамасыз ететін рельстер төселіп жатыр. Ал екінші тоннель келесі жылдың қаңтар айында аяқталуы тиіс.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды: «Жаңа станциялар мен көлік тораптарын салу – қолайлы өмірге инвестиция, әрі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біз жұмысты мерзімінде және жоғары сапамен бітіруіміз қажет», — деп атап көрсетті.

Осылайша Алматы қаласы көлік инфрақұрылымын дамытуда жаңа белеске қадам басты.

JQ-Aqparat

Фото: metroalmaty.kz

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?