jasqazaq.kz

Алматы әкімі белсенді азаматтарды жұмысқа алуды ұсынды

21 ақпан 2018, 11:15

Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесу барысында белсенді тұрғындарға алғыс білдірді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, оның айтуынша, қала тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілер, Опен Алматы порталы, әкімдіктер арқылы қала билігіне 120 мың рет өтініш білдірген. «Интернет желісі 24 сағат бойы ашық болуға мүмкіндік береді. Бұл өтініштердің барлығы аудан әкімдіктерінің жиындарында талқыланады. Әсіресе, Фейсбук желісінде «Жаяу жүргіншілерге арналған қала» тобында азаматтар белсенді пікір білдіреді. Мәселен, Игілік Қаңтарбаева, Алексей Щеглов, Асқар Тулеевтер заңсыз салынған ғимараттар, ағашты заңсыз отау мәселелерін, люктердің жоқтығын хабарлап отырады. Думан Қапасов есімді азаматтың көмегімен Брусиловский көшесіндегі жазғы кафе сүрілді. Елена Лысенко есімді тұрғынның көмегімен жерасты жолдарындағы жарықтандыру қалпына келтірілді. Сәкен Жүсіпбеков деген азамат 30 мәселенің шешілуіне көмек берді. Мүмкін кейбір жұмыс жасамайтын органдардағы адамдардың орнына Сәкен Жүсіпбековті жұмысқа қабылдармыз? Оның жұмысы нәтижелі екені көрініп тұр», — деді Бауыржан Байбек. Қала әкімі Алматының экономикалық әлеуметтік даму көрсеткіштерін тілге тиек етті. Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдарынан бері Алматыда экономика 100 есе өскен. Тұрғын үй қоры 2 есе, жеке көліктер 10 есе артқан. Қазір Алматының экономикасы ел экономикасының ¼ бөлігін құрайды. Айта кету керек, Алматы әкімінің ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты Динар Нүкетаева, этномәдени бірлестіктер, «Атамекен» палатасының, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысып отыр.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды