Алмат Сақатов: Әйелім сұржылан емес, айдаһар

29 мамыр 2023, 21:34

Ауылға қайта-қайта бара берсең, үйдегі «айдаһарға» күдікті боласың. Сол кезде жүргізуші актерден әйеліңізді не үшін айдаһарға теңегені туралы сұраған екен.
«Отыз жыл отасқан әйелімді сұржылан деп айта алмаймын. Айдаһар деген жақсы ғой. Үш бас бар, біреуін шауып тастасаң, екі басы өсіп шығады. Оны жеңе алмайсың ғой. Қанаты бар, қайда ұшсаң да, артынан қуып, жетіп алады. Жете алмаса, құйрығымен қайырып отырады. Өсе келе, айдаһар болады. Әрине, осылай қалжыңдаймыз.
Басқа не деп айтуға болады. Аққуым дейін десең, 30 жыл отасқан әйелім. Аққу да қартаяды, жүні түсіп қалған деп елестетуі мүмкін. Мен сияқты тентектерге ие болу қиын», — деді.
«Бауыржан шоуда» жүргенде қыздар мені үйге іздеп келетін. Соның бәріне шыдау оңай емес. Курстас достарым: «Әй, осы біздің ішімізде бірінші болып сен ажырасатын шығарсың», — дейтін. Айтқандардың бәрі ажырасып кетті. Мен әлі келе жатырмын, неге екенін білмеймін. Жұбайым жақсы ғой, негізі. Шыдамды. Мен тұрмақ, менің шешеме шыдады. Әкем марқұм ауырған кезде соның шайын беріп, қолтығын демеді. Мен гастрольде қаңғып жүрген кезде… Енді мен осылай әңгіме айтқанға «подкаблучник» деп ойлап қалмасын. Бірақ бәріміз сол «каблуктың» маңайында жүрміз», — деді актер.

JQ-Aqparat

 

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде