jasqazaq.kz

Алмасадам Сәтқалиев Chevron, ExxonMobil, Shell, Eni және Honeywell басшылығымен кездесті

12 наурыз 2025, 13:10

АҚШ-тың Хьюстон қаласында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Chevron, ExxonMobil, Shell, Eni және Honeywell сияқты әлемдегі ірі энергетикалық компаниялардың басшылығымен бірқатар стратегиялық маңызды кездесулер өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, келіссөздің негізгі тақырыбы – біздің елдегі ағымдағы жобалар және ұзақ мерзімді серіктестік келешегі.  Талқыланған мәселелер қатарында көмірсутектер өндіру көлемін өзектендіру, газ өңдеу қуаттарын дамыту қарқынын жеделдету, геологиялық барлауға инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту болды.

Chevron Corporation директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен және Exxon Mobil Corporation аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесуде Теңіз және Қашаған жобаларының негізгі аспектілері, оның ішінде болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселелері сөз етілді. Сондай-ақ мұнай өндіру көлемін реттеу жоспарлары, нарықты тұрақтандыруға бағытталған жаһандық күш-жігер және Қазақстанның халықаралық міндеттемелері қаралды. А.Сәтқалиев жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау мен шығындарды оңтайландыру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, компаниялардың жаңа геологиялық барлау бастамаларына қатысу перспективалары талқыланды.

Shell бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен және Eni S.p.A бас операциялық директоры Гвидо Брускоменөткен кездесуде газ стратегиясы басты назарда болды. Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ету және сұйытылған көмірсутек газын өндіру мақсатында жылдық қуаты 4 млрд текше метрге дейін жететін жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасы қарастырылды.

Shell компаниясымен геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру талқыланды. Ал Eni Маңғыстау облысында қуаты 120 МВт болатын гибридті жел-күн электр станциясын салу барысын таныстырды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Хьюстон қаласындағы Honeywell технологиялық орталығына барып, компания басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев: «Қазақстан энергетика секторына озық технологиялар мен инвестиция тарту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Біз саладағы әлемдік көшбасшылармен ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделіміз және еліміздің тұрақты дамуы мен жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз»», – деді.

JQ-Aqparat

Сурет: энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк