Әлішер Сатыбалдиев: Индустриалды аймақ Алматы экономикасына серпін береді

29 наурыз, 11:30

Алматы қаласында жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету үшін Алматы индустриалды аймағы құрылған болатын. Оның басты бағыты — қаладағы өнеркәсіп саласын дамыту. Алматы индустриалды аймағының бас директоры Әлішер Сатыбалдиев Jasqazaq.kz ақпараттық порталына индустриалдық аймақтың қазіргі тыныс-тіршілігі жайында айтып берді.

— Әлішер Жұратұлы, қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде Алматы индустриалды аймағын дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қала экономикасының дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. Мегаполистің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда осы индустриалдық аймақтың үлесі қандай?

— Алматы индустриалды аймағы — еліміз бен Алматы қаласының стратегиялық және бағдарламалық құжатында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды іске асырудың негізгі драйвері. Қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде өткен жылдың алғашқы тоқсанында Алматының Алатау ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 32,8 пайызға өскенін айтты. Инвестиция 73,2 пайызға ұлғайды. Сондай-ақ Алматының индустриалды аймағын дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша қабылданған шаралар қала экономикасына оң серпін беріп, мегаполистің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Біз «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Алматы-2050» даму стратегиясын, «Алматы Бизнес-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын, Алматы ӘКК АҚ 2020-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асырамыз.
Индустриалды аймақ өнеркәсіп секторындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына, жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құрып, дамытуға, шығынды оңтайландырып, халықты жұмыспен қамту мақсатын көздейді.

— Өткен жылы Алматы индустриалды аймағында 369 жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 15 млрд теңгені құрайтын бес жобаны іске қосу жоспарланғаны туралы ақпарат болды. Қазір бұл жобаларды жүзеге асыру қай кезеңде?

— Бүгінгі күні Алматыда 11 шағын индустриялық парк іске асырылды, оның 5-і Алматы қаласында және 6-ы Алматы индустриалды аймағында орналасқан. Өндірістік үй-жайдың жалпы ауданы — 46 мың шаршы метр. Мұнда 76 тұрғын орналасып, 1074 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы 369 жұмыс орнын құру арқылы жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын бес жоба жүзеге асты. Олар — биметалл алюминий радиаторларын шығаратын Қазақстанда теңдесі жоқ компания, бірегей микроклоналды жылыжай, тамшылатып суару өнімдерін шығаратын зауыт, лак-бояу зауыты, сондай-ақ салқындатқыш сұйықтықтарды өңдейтін зауыт.

— Индустриалды аймақ аумағында жалпы ауданы 88 мың шаршы метрді құрайтын 18 шағын индустриялық парк салынып жатқаны белгілі. Бұл шағын өнеркәсіп кәсіпорындары не өндіреді?

— Бүгінгі таңда Алматының индустриалдық аймағының қатысушылары келесі салаларға жататын 63 компания болып табылады: машина жасау, құрылыс индустриясы, химия және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі, логистика және индустриялық парктерді сату.

Ағымдағы жылы Алматы индустриялық аймағының аумағында 565 жұмыс орнын құру арқылы 10 инвестициялық жоба ашу жоспарлануда.

Олар: «Telli Ondiris» — тұрмыстық химия және жеке гигиена құралдарын шығаратын зауыт; «Розан Азия» — халықаралық төлем жүйелерінің банк карталарын шығаратын зауыт; «Kapital Construction» — арматуралық тор, кварц агломераттары және профильді құбырлар шығаратын зауыт; «ЖБИ Гарант» — толық циклді темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт; «Kazakhstan Mobility Engineering» — автомобильдерге арналған электрондық аудио және бейне жабдықтар шығаратын зауыт; «Vehicles Almaty» — автомобиль орындықтарын шығаратын зауыт; «АвтоПластТехнолоджи» — автомобильдерге арналған резеңке және пластик бұйымдар шығаратын зауыт; «Astana Motors Engineering» — қойма үй-жайлары; ауданы 5100 шаршы метр «Almaty Building & Co» КП шағын өнеркәсіптік паркі; ауданы 3000 шаршы метр «Industrial Place» шағын өнеркәсіптік паркі.

Құрылған сәттен бастап Алматы индустриялық аймағының аумағында жалпы сомасы 128,8 млрд теңгеге 30 жоба іске асырылды. Кәсіпорындарда 3543 жұмыс орны құрылды. Осы кезеңде компаниялар 1 746 млрд теңгеге өнім өндіріп, 45,8 млрд теңгенің салығын төледі.

Сондай-ақ биыл 1,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 220 жұмыс орны ашылған үш шағын индустриялық парк іске қосылды.

Мақпал Ноғайбаева,
Алматы қаласы

19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 23:28
Жұлдыз Сүлейменова: Жайбасарлыққа жол беруге болмайды!
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс