Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (9-0, 7 КО) АҚШ-тың Техас штатында өткен бокс кешіне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.
Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген америкалық Дешон Уэбстер (9-0, 6 КО) болды. 10 кезеңге созылған жекпе-жекте қазылардың бірауыздан қабылдаған -100-88, 100-89, 99-89 шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.
Осы жеңісі арқылы Али жастар арасындағы WBC әлем чемпионы белбеуін және ауыр салмақтағы Солтүстік Америка чемпионы атағын қорғап қалды.
Айта кетейік, бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісі.