jasqazaq.kz

Алғашқы қоңырауда «хит» болған бала туралы тың мәлімет белгілі болды

02 қыркүйек 2022, 15:17

Білім күні кілемнің үстінде телефон қарап жатқан 4 жасар баланың суреті әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казталов ауданы Қараөзен ауылында тұратын 4 жасар Жанасыл Бақтығалидың анасы, «Күміс алқа» иегері Бақытгүл Жақыпованың айтуынша, оқиға кеше Қараөзен мектеп-лицейінде болды.

Оның сөзіне қарағанда, Жанасыл мектепке анасы мен ағаларына ілесіп барған.

Жанасыл мейрам болған соң, костюм кигісі келген. Сосын ағаларының ескі киімін киген.

«Салтанатты іс-шара кезінде Жанасыл шаршадым деген соң, қолына телефон бердім. Өзім концерт қарап тұрдым. Сол кезде ораулы кілемнің үстінде жатқан баламды біреулер суретке түсіріп алып, таратып жіберіпті. Оны үйге келген соң, бір-ақ білдім. Жанасыл – алты баланың кенжесі, оң жақ қолы жұмыс істемегендіктен, мүгедектігі бар. Қазір өзім соны бағып, үйде отырмын, бұрын мектепте аспаз болғанмын. Жолдасым Әлібек Дәулетияров екі жыл бұрын өмірден озды. Үлкен қызым Айнагүл тұрмыста. Ұлым Ризабек әскерден келді. Одан кейінгі қызым Жансай 8, Исламбек 7, Ерасыл 3-сыныпта оқиды. Өз үйіміз жоқ, пәтерде тұрамыз. Атаулы әлеуметтік көмек алмаймын. Бар арман-мақсатым – осы балаларымды жетілдірсем деймін», деді ҚазАқпарат тілшісіне Бақытгүл Жақыпова.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті