jasqazaq.kz

Әлеуметтік желідегі сөздері үшін 16 қазақстандық абақтыға жабылды

16 қазан 2017, 13:44

Жыл басынан бері 20 қазақстандық әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотқа тартылды. Олардың 16-сы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ҚазАқпаратқа жіберген деректеріне сәйкес, 1 құқық бұзушы Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға шақырғаны үшін 5 жылға түрмеге жабылған. Тағы 15 азамат Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотталған. Олар терроризмді насихаттап, теракт жасауға шақырғандары үшін айыпты деп танылып, 2 жылдан 9 жылға дейін абақтыға қамалған. Тағы екі заң бұзушының ҚР ҚК 174-бабы — әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бойынша бас бостандықтары шектелген. Әлеуметтік желіде билік өкілін балағаттаған бір қазақстандық шамамен 227 мың теңге айыппұл төлеген.

 

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті