jasqazaq.kz

Әлеуметтік желіде алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

15 қараша 2017, 15:25

Қылмыскерлер банктердің әлеуметтік желідегі топтарына мониторинг жасап, өз құрбандарын тауып отырған. Бұл туралы life.ru жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Group-IB халықаралық компаниясы банкке қатысты алаяқтықтың жаңа түрін анықтады. Алаяқтықтың бұл түрі банктердің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында белсенді деп танылған.

Хакерлер клиенттердің әлеуметтік желіде жазған сұрақтарын (комментарийлеріне) талдап, кейін оларға банк қызметкері ретінде хабарласқан.

Кибер қылмыскерлердің мақсаты – құрбандарының картасындағы ақшасына қол жеткізу. Атап айтқанда, олар адамдардың сеніміне кіріп, ақша аударуды растайтын SMS код, нөмір немесе картаның верификациялық кодын (CCV) біліп алған.

Олар көбінесе «ВКонтактедегі» тобынан көп адамды құрығына түсірген. Сарапшылар мұндай схемамен «Фейсбукте» де жұмыс істеуі мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, Group-IB халықаралық компаниясы кибершабуыл және хакерлермен байланысты қылмыстарды тоқтату және тергеумен айналысады.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы