jasqazaq.kz

Әлеуметтік әділеттілік – басты басымдық

30 шiлде, 13:51

Бүгінгі таңда әлеуметтік әл-ауқатты арттыру – ел дамуының маңызды индикаторы. Осы орайда өңірлерде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың тиімділігі халықтың нақты тұрмысына әсер етіп жатқаны қуантады. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында да осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Әлеуметтік әлсіз топтарды қорғау, оларға жағдай жасау – жергілікті биліктің тұрақты назарында.
Бәйдібек аудандық мәслихаты төрағасы Имангелді Қансейітұлы биыл 25 ақпанда қабылданған мәслихат шешіміне сәйкес, әлеуметтік көмек біржолғы немесе мерзімді тәртіппен келесі азаматтарға берілетінін атап өтті:
– 1-топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға,
– үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын мүгедек балаларға,
– қатерлі ісікке шалдыққан тұлғаларға,
– бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегушілерге,
– санаторийлік ем алатын азаматтарға және оларға ілесіп жүретіндерге,
– аз қамтылған отбасыларға,
– радиациялық апаттардың әсерінен зардап шеккендердің отбасына және т.б.
«Біз әрбір азаматтың әлеуметтік қолдауға нақты әрі уақтылы қол жеткізуін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл – тек көмек емес, қоғам алдындағы борышымыз», – деді Имангелді Қансейітұлы.
Мәселен, бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын азаматтарға 72 АЕК көлемінде, ал санаторийде емделетін мүгедек жанға еріп баратын адамға – 40 АЕК мөлшерінде көмек беріледі.
«Біз көмек көлемін белгілегенде азаматтардың жағдайына, қажеттілігіне, аурудың ауырлығына қарай саралап қарадық. Бұл жерде тең емеске тең бөлісу емес, әділетті бөлініс принципі басшылыққа алынды», – деді аудандық мәслихат төрағасы.
Мүгедектігі бар азаматтарға тек қаржылай емес, логистикалық тұрғыдан да қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, аудан бюджетінен бөлінген қаражат есебінен екі «Әлеуметтік такси» көлігі сатып алынған. Бұл арнайы көліктер қоларбаны пайдаланатын азаматтарға ыңғайлы етіп жабдықталған, және олар аудан бойынша тегін тасымал қызметін көрсетеді.
«Кейбір азаматтар үшін қоғамдық көлікке отырудың өзі – үлкен сынақ. Біз бұл мәселені көлікпен шешіп отырмыз. Бұл – жай такси емес, олар үшін құрмет пен қамқорлықтың белгісі», – деді Имангелді Қансейітұлы.
Бәйдібекте әлеуметтік көмекті анықтауда тек медициналық көрсеткіштермен шектелмей, тарихи және адамгершілік өлшемдер де ескерілген. Мәселен:
– Чернобыль апаты мен басқа да радиациялық апаттардың зардаптарына ұшыраған азаматтардың отбасыларына – 20 АЕК көлемінде көмек қарастырылған.
– Ал Мүгедектігі бар адамдар күніне орай, жыл сайын 1-топтағы мүгедек азаматтарға – 5 АЕК, арнаулы әлеуметтік қызмет алатын балаларға – 4 АЕК көлемінде қаржы бөлінген. Бұл, бір жағынан, қоғамдық мойындау мен моральдық қолдаудың бір түрі деуге болады.
Имангелді Қансейітұлының айтуынша, аудан депутаттары сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізіп, партиялық қоғамдық қабылдаулар арқылы азаматтардың өтініштерін жинап, оларды депутаттық сауал арқылы тиісті мекемелерге жолдап отырады.
«Біз азаматтармен диалогты үнемі жандандырып отырамыз. Әр сұрақ – бір тағдыр. Сондықтан бей-жай қарауға болмайды», – деді ол.
Мәслихат депутаттары тек сөзбен емес, іспен де қолдау көрсетуде. Мәселен, демеушілермен бірігіп, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, көмір, мектеп құралдары, киім-кешек таратылған.
Бәйдібек ауданындағы әлеуметтік көмек жүйесі құқықтық нақтылықпен, мақсатты бағыттылықпен және адами мұраттарға негізделген. Көмекке зәру азаматтар нақты тізбемен белгіленген, мөлшері – әлеуметтік жағдайға сай есептелген.
«Біздің басты ұстаным – халықтың сеніміне сай жұмыс істеу. Әлеуметтік әділеттілік пен қамқорлық – Бәйдібектегі басты құндылықтардың бірі», – деді Имангелді Қансейітұлы.

Олжас Әбдіхалық

30 шiлде, 18:26
Сырым Ертаев: Шетелде біздің табиғи етке сұраныс мол
30 шiлде, 15:30
Таяу Шығысқа тұрақтылық қажет
30 шiлде, 14:51
Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда
30 шiлде, 13:54
Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмектер мен қолдау тетіктері
30 шiлде, 13:52
Қамқор қоғам – берекелі болашақтың кепілі
30 шiлде, 13:51
Әлеуметтік әділеттілік – басты басымдық
30 шiлде, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 18:29
Аягөз-Бақты: Логистика өңірдің өркендеуіне серпін береді