Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы сейсенбі күнгі электрондық сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,47 долларға дейін қымбаттап, 61,37долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы желтоқсан айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 0,23 долларға қымбаттап, 54,38 долларды құрады.