Әлемдік дағдарысқа тосқауыл: Credit Suisse «жұтылды»

20 наурыз, 16:14

Әлемдік дағдарысқа тосқауыл: Credit Suisse «жұтылды»

Швейцариядағы ең ірі UBS банк өткен аптада акциясы құлдырап, мүшкіл халге түскен Credit Suisse банкті сатып алуға келісім берді. Бұған дейін олар өзара бәсекелес еді. Енді біріншісі құрдымға құлауға жақын қалған екіншісін 3,25 млрд долларға сатып алатын болды. Әлбетте, бұл нарықтағы бағасынан әлдеқайда төмен. 17 наурыздағы сауда-саттық соңында Credit Suissе шамамен 8 млрд долларға бағаланған.

The Guardian жазғандай, Швейцария үкіметі әлемдік дағдарысқа жол бермеу үшін екі арада делдал болып отыр. Орталық банктің 54 млрд доллар несиесі де
Credit Suisse акциясының құлдырауын тоқтата алмады.

Швейцария президенті Ален Берсе: «Қазіргі жағдайда UBS-дің Credit Suisse банкін «жұтуы» — ең оңтайлы шешім», — деп мәлімдеді.

Швейцария федералдық үкіметі UBS-дің ықтимал шығынын 9,6 млрд теңге деп есептеп, осындай сомаға кепілдік беруді жөн көрді. Оған қоса, қос банктің төлем жасау қабілетін қамтамасыз ету үшін орталық банк тарапынан 108 млрд доллар беруді қарастырып қойды.

Швейцарияда көлемі жағынан екінші орында тұрған Credit Suisse әлем бойынша ең маңызды қаржы институтының бірі еді. Сол үшін де ел үкіметі қайтсе де оны құтқарудың қамын жасап жатыр. Банктің мүшкіл жағдайы инвесторлар арасында дүрбелең тудырып, басқа да қаржы институттарының акциясын құлдыратты.

UBS банк кеңесінің төрағасы Колм Келлехер «бұл қадам Швейцарияның әлемдік қаржы орталығы ретіндегі келешегін қамтамасыз етеді» деген пікірде.

ВВС жазғандай, Еуроодақ, АҚШ және Ұлыбританияның қаржы мекемелері банкті құтқаруға арналған келісімді қолдап отыр. Қазір олар банктердің жағдайы тұрақты, жұрттың жинағы мен салымдарына қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіреді.

Гүлнар Ахметова

31 мамыр, 15:58
3683 Шумақ , 14732 жол. «Елім-ай» ән-дастанына 300 жыл
31 мамыр, 11:58
Ерболат Досаев: Мектептегі орын тапшылығы оңтайлы шешіледі
31 мамыр, 10:55
Манас Рамазанов: Инновациялық тәсілмен ота жасаймыз
30 мамыр, 20:01
Қазаққа қажет қағидат
30 мамыр, 19:24
АЭС: Таңдау кімге түседі?
29 мамыр, 0:06
Артықшылығы мол айналма жол
23 мамыр, 15:26
Жанат Айтпаева: Білімді көтеру – мемлекетті нығайту
23 мамыр, 14:32
Алматы: «Білім фестивалі» мамандық таңдауға жол ашты