jasqazaq.kz

Әлемдегі ерекше үйлену дәстүрлері жайлы не білесіз? (фото)

22 ақпан 2018, 12:38

Әр елдің наным-сеніміне байланысты жасайтын жөн-жоралғылары да әртүрлі. Дегенмен әлем халқына ортақ ғұрып — «екі жастың үйленуі» болып саналады. Осы орайда той алдынлда жасалатын әлемдегі ең ерекше салт-дәстүрлер туралы мәліметтерді NUR.KZ порталы Livejournal сайтына сілтеме жасап.

1.Шотландияның кей жерлерінде «қалыңдықты қаралау» деп аталатын дәстүр бар. Онда үйленгелі жатқан жігіттің туыстары болашақ келіндерін ұрлап алып кетеді де, оның үстіне кір суға араластырылған ұн, жуынды, тіпті малдың нәжісіне дейін қосып құйып жібереді. Осыдан кейін үсті-басындағы кірімен қосыр көшелерді аралайды немесе талға байлап қояды екен. Ежелгі наным бойынша бұл қалыңдықты болашақтағы өмір қиындықтарына дайындау болып саналады екен.

2.Қытайда қызын ұзатқалы жатқан отбасы бір ай бойы көз жасын төгеді. Алдымен қалыңдықтың өзі күніне бір сағат дауыс шығарып жылайды. 10 күнен кейін анасы, тағы 10 күненен соң әжесі де қосылып көз жастарын көл қылады. Олар әр түрлі дауыста ән шырқағандай етіп жылайды.

3. Оңтүстік Суданның нуэр тайпасында тұрмысқа шыққан әйел күйеуіне екі бала туып бермейінше олар үйленген болып саналмайды. Егер ол екі баланы босана алмай жатса, жігіт басқа әйелге үйленуге құқылы.

4. Спартандық мәдениет бойынша тұрмысқа шығатын әйел еркектің киімін киіп, ал ер азамат әйелше киініп көшеде жүруі керек.

5. Корейлер үйленген жігіттің неке түні болмас бұрын, оның табанын таяөқпен немесе балықпен әбден ұрғылайды. Бұл оның алдағы өмірге дайындығын пысықтайтын көрінеді. Дегенмен қазіргі уақытта жастар бұл дәстүрді жігіттің табанын ауырту үшін емес, ойын-күлкі үшін жасап жүр.

6. Көп елде қонақтар қалыңдыққа жаңа ыдыс-аяқ сыйға тартады. Германияда да бұл дәстүр жақсы сақталған. Онда жаңа тәрелкені жерге лақтырып, бақыт үшін деп сындырады. Ыдыстың жерге тиген қатты дауысы жаман рухтарды шошытады деген сенім бар.

7. Конгода үйлену тойына өте салмақты дәстүр ретінде қарайды. Бұл салтқа сенгендігі соншалық, рәсім үстінде қалыңдық пен күйеужігітке мүлдем күлуге болмайды екен.

8. Африка мен Азияның кей елдерінде қалыңдықты алып қашу деген дәстүр әлі де сақталады. Үраланған қызды жігіт үінде үш күнге дейін қамап ұстаса, ол амалсыз көніп қалады екен. Көп жағдайда олар келіншекті келісімін бермей жатса зорлап көндіреді екен.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды