jasqazaq.kz

Әлем чемпионаты: Иран Марокконы жеңді

16 маусым 2018, 1:02

Футболдан әлем біріншілігінің үшінші кездесуінде Иран мен Марокко құрамалары жасыл алаңға шықты. Санкт-Петербург» стадионында болған кездеуде ирандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Иран Азия құрлығы құрамалары арасында әлем біріншілігінде ұпайға алғаш қол жеткізуімен ерекшеленеді. 1978 жылы парсылар Шотландиямен 1:1 есебімен тең ойнап, қалған екі кездесуде Голландия мен Перуге есе жіберді. Арада 20 жыл өткенде олар өз тарихында тұңғыш рет жеңіске қол жеткізді. Сол жылғы Франция төрінде өткен дүбірлі додада парсылар АҚШ құрамасымен бір топқа түсті. Сол тұста қос мемлекеттің арасында қырғи-қабақ саяси шиелініс орын алып жатқан еді. Бұл кездесуде парсылар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, өз еліне көл-көсір қуаныш сыйлады. Иран құрамасы биылғы біріншілікпен қоса есептегенде бесінші мәрте айтулы аламанда бақ сынап отыр. Оның ешбірінде топтық кезеңнен аса алған жоқ. Иран әлемдік біріншілікте әлсіз саналғанымен Азия құрлығында қатарынан үш мәрте чемпион атанған. 2018 жылғы доп додасына іріктеу кезеңінде олар өз тобында бірінші орын алды. Марокко да биыл бесінші мәрте беделді бәсекеге келіп отыр. Жалпы, марокколықтар алғаш рет 1970 жылы жарыстың осы сатысында бақ сынаған еді. Сол жылы өз тобында төртінші орынды місе тұтса, 1986 жылы өз тобында Англия, Польша және Португалия секілді құрамаларды артқа тастады. Жарыстың 1/8 кезеңінде ФРГ құрамасынан 0:1 есебімен жеңіліп еліне қайтты. Ал 1994 және 1998 жылдардағы әлем біріншіліктеріне келгенімен қоржыны бос қайтты. Содан кейін 20 жыл бойы іріктеу кезеңінен әріге аса алған жоқ. Бұл топта Португалия және Испания құрамалары да сынға түседі. Сондықтан мамандар алғашқы екі орынды еуропалық құрамалар еншісіне бұйырады деген жорамал айтып отыр. Әйтсе де, оны біріншілік барысы көрсетеді. Өйткені, дүбірлі дода тарихында әлсіз деп бағаланған талай құрама айды аспанға бір-ақ шығарған еді. Сол себепті Иран да, Марокко да ешкімге дес бере қоймас. Атап өтерлігі, қос құрама бұған дейін бірде-бір мәрте өзара кездесіп көрген жоқ. Ойын басталғаннан кейін тізгінді Марокко құрамасы өз қолына алуға тырысты. Иран қақпасы алдында олардың басымдығы байқалып тұрды. Арасында парсы футболшылары да шабуылға шыққанымен одан ешқандай пайда келе қойған жоқ. Оларға марокколық қорғаушылар төтеп бере білді. Негізінде Марокконың басымдығы айқын аңғарылды. Африкалықтар Иран қақпасы аумағында емін-еркін қимыл көрсетті. Алғашқы кезеңнің соңына таман ирандықтар бірнеше қауіпті сәттерді ұйымдастырды. Ойында марокколық Азиз Бухаддуздың өз қақпасына соғып алған автоголы шешті. Есеп 1:0. Иран жеңіске жетті. Бұл топта бүгін тағы бір кездесу болады. Сочи қаласындағы «Фишт» стадионында Португалия мен Испания құрамалары кездеседі. Ойын 00.00-де басталады. Бұл топтағы келесі ойын 20 маусымда өткізіледі. Сол күні Португалия мен Марокко, Иран мен Испания шеберлік байқасады.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды