Алданып қалған үлескерлер Елбасынан көмек сұрайды

04 қазан 2016, 17:13

60b07a716511ac208239f527dcb1bc87

Астанада құрылыс компанияларының жауапсыздығынан 9 мыңнан астам отбасы баспанасыз қалған. Басар тауы, барар жері қалмаған үлескерлер қордаланған бұл мәселені тек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шешеді деген сенімде.

 Баспасөз мәслихатында «Магистральный» ТК, «Жеті Жол»-2010 тұрғын-үй кооперативі, «Монблан» ТК, «Азбука жилья» компаниясының үлескерлері наразылық білдірді. Олар маңдай терімен тапқан ақшасын құрылыс компанияларына беріп, сан соғып қалған. Салдарынан 9 мыңнан астам отбасы үй-күйсіз жүр. Алданып қалған үлескерлер мемлекеттен қаржылай көмек сұрап отыр.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы алматылық үлескерлерге қол ұшын созған болатын. Ол кезде бюджеттен 500 млрд теңге бөлінді.

«Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан қаржылай көмек беруін сұраймыз. Ешқандай компания біздің үйімізді бітіріп беруге құлықты емес. Оларға пайда табу керек. Бұған дейін Алматыда алданып қалған үлескерлердің алғашқы толқыны өз наразылығын білдірген болатын. Бірақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге дер кезінде араласып, дауды шешті. Теңдессіз мемлекеттік көмек көрсетілді. Үкімет үлескерлерге 500 млрд теңге бөлді. Астана қаласының әкімдігі қалада даулы 11 тұрғын үй бар екендігін айтқан еді. Бірақ бұл көрсеткіш 58-ге жетті», — дейді «Айсанам DeLuxe-Успех» тұрғын үй кооперативінің басшысы Мұрат Қасенов.

Сонымен қатар, үлескерлер жергілікті билік өкілдері аталмыш мәселеге атүсті қарап отырғандығын айшына айтты.

«Астана қаласының әкімдігі біздің мәселемізді шешуден бас тартты. Олар (әкімдік – ред.) бұған көз жұма қарап отыр. Шаһарда жүргізіліп жатқан кез келген құрылысқа әкімдік жауап беруі қажет. Біраз құрылыс нысаны бақылаусыз салынып жатыр. Олар біздің мәселемізді жеке азаматтық-құқықтық қатынас деп санайды. Бірақ көптеген компанияның құрылыс жүргізуге рұқсаты жоқ. Мысалы, «Айсанам de luxe-Успех» тұрғын үй құрылысына үлескерлер 7,5 млрд теңге салған. Оның 2 млрд 200 млн теңгесі құрылысқа кеткен. Ал қалған қаржының ізі жоқ. Ол ақша қайда кетті?», — деді Мұрат Қасенов.

Үлескерлердің жағдайы өте қиын. Олардың бірқатары пәтерін сатып, бүгінде далада қалған. Сондай жандардың бірі – Салтанат Нурғалиева. Ол мемлекеттік бағдарлама аясында «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын үй кешеніне ақшасын салған. Оның пәтері 6-шы қабатта болған. Бірақ 10 жыл өтсе де, өз пәтеріне кіре алмапты.

«10 жыл бұрын пәтеріме кіремін деп үміттендім. Бірақ менің пәтерім орналасатын қабат әлі салынған жоқ. Үй апатты жағдайда. Бізге тұрғын үй құрылыс кооперативін құрсын дейді. Бірақ ақшаны қайдан аламын, егер 10 жыл үй жалдап тұрсақ. Менің балаларым осы уақыт аралығында ер жетті. Олар бүгінде отбасын құра алмайды. Себебі, баспанамыз жоқ», — деді ашуға булыққан Салтанат Нұрғалиева.

Сонымен қатар, бұл жиынға Астана қаласы ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы Ерлан Өтеуалиев қатысты. Бірақ, бас маман үлескерлердің сұрағына мандытып жауап бере алған жоқ.

«Мен ішкі саясат басқармасынан боламын. Сіздердің мәселелеріңізбен таныс емеспін. Сұрақтарыңызға Мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының мамандары жауап бере алады. Немесе біздің қалалық баспасөз қызметіне сауал жолдаңыздар», — деп қысқа қайырды әкімдік өкілі.

Сонымен қатар, «Айсанам DeLuxe-Успех» тұрғын үй кооперативінің басшысы Мұрат Қасенов үлескерлердің мәселесін шешу үшін лауазымды азаматтармен жолыққанын да айтты.

«Мәжіліс депутаты Владислав Косаревқа өз мәселемізді түсіндірдік. Ол бізді түсінді. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа сауал жолдады. Депутат үлескелерге мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетіп, өз жұмысына атүсті қараған құрылыс компанияларына бақылауды күшейтуді сұрады. Сонымен қатар, біз өкілетті мемлекеттік құрылыс ұйымын құруды ұсынамыз. Бюджеттен бөлінген қаржы осы ұйымға түсіп, даулы тұрғын үйлерді салуға жұмсалатын болады», — деп түйіндеді сөзін үлескер.

 

baq.kz

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде