jasqazaq.kz

Алданған жұрт, жылпос журналист

27 қазан 2016, 12:55

snimok

Талдықорған қаласының 1986 жылғы тұрғыны Дина Ысқақова бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Қылмыстың барлығы мемлекеттік бағдарламамен берілетін пәтерлермен байланысты болған.

Алматы облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 30 жастағы әйелді осы жылдың тамызында ұстады.

Қазір полицияның қолында 30 тұрғынның арыз-шағымы бар. Олардың барлығы 2015 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың тамызы аралығында осы әйелдің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын сомасы 100 млн теңгеден асады.

p

«Алаяқтық фактісіне қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы ІІД тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр және істі ерекше бақылауда ұстап отыр», — деп мәлімдеді облыстық полицияның баспасөз қызметінен.

Талдықорған әкімінің баспасөз қызметінен атап өткендей, Дина Ысқақова «Кемеңгер» республикалық журналының бас редакторы болған. Аталған басылымның редакциясы Талдықорғанда орналасқан. Журналистің ұсталған кезде немен айналысқаны әзірге белгісіз.

Қазір оның Алматы облысында тіркелген басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алматы облыстық ІІД алаяқ әйелге алданып қалған өңір тұрғындарынан мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8(7282)608245, 8(7282)608846, 8(7282)608007 немесе 102.

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады