jasqazaq.kz

Алаяқтық жолмен несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

29 қараша 2024, 22:15

Полиция азаматтардың атына алаяқтықпен несие рәсімдеген қылмыстық топты ұстады.

Polisia.kz. мәліметінше,  26 қарашада Ақмола облыстық полиция департаменті өңір прокуратурасының бастамасымен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ақмолалық азаматтардың атына екінші деңгейдегі банктерден несие ресімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстау шарасын Көкшетау және Алматы қалаларында өткізді. Барлығы жедел қызметкерлер қылмыстық топтың 5 мүшесін ұстап,  уақытша ұстау изоляторына қамады. Жедел уәкілдердің айтуынша, бірнеше ай бойы төрт ақмолалық пен оңтүстік астананың тұрғыны негізінен ауылдық жерлерден адамдарды тауып, алдау жолымен олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген.  Оған қоса, жәбірленушілерді Алматы қаласына әкетіп, жылдам табыс табуға уәде берген. Бүгінгі күні топтың қылмыстық әрекетінен 7 адамның зардап шеккені  белгілі болды. Құрбандардың нақты саны анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тінту кезінде қағаз ақша, травматикалық және суық қару, телефондарды, флэш-карталарды және банктік келісімдерді тауып, тәркіледі. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық бес қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру аясында полиция қызметкерлері жәбірленуші азаматтардың санын және залалдың жалпы сомасын анықталуда.
JQ-Aqparat
Сурет: Polisia.kz 

02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
02 шiлде, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
02 шiлде, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
02 шiлде, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар