jasqazaq.kz

Алаяқтарға алданған атыраулықтар көмек сұрады

15 қараша 2017, 23:04

2013 жылы қала орталығынан жер телімін сатып алған 30-ға жуық тұрғын қазір әрі-сәрі күйде жүр. Өйткені өзімдікі деген жерлерінің иесі табылып, қазір бұларды сотқа сүйреп жатыр. Айтуларынша, телімдерді хабарландыру арқылы сатып алып, құжаттарын дер кезінде рәсімдеп қойған. Тіпті учаскелерді жекешелендірмек болып, әкімдіктегілердің алдына барғанда да олар, көп сөзге келмей, аттарына шығарып берген, деп хабарлады ktk.kz.

Қаладағы элиталық «Нұрсая» ықшамауданындағы жер телімдерін тұрғындар 20 және 40 мың доллар аралығындағы бағаға сатып алған. Қолдарында қажетті құжаттың бәрі болғанымен, одан әзірге пайда жоқ. Себебі, 30 шақты тұрғынның жерін енді шымкенттік «Отаустрой» компаниясы біздікі деп отыр.

Клара Нұрғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-1 жыл жарым жүріп бітірген құжатым мынау. Сонда маған ешкім кедергі қойған жоқ. «Бұл жер арестте тұр, бұл жер біреудікі» деген әңгіме айтылған жоқ. 2016- дан кейін 2017-нің шілдесінен бастап «Отау строй» сатып алған, алаяқтықпен сатылған жер деді бізге.

-Қос тарапты қырық пышақ қып отырған жер телімі осы. Қазір бұл жерге тұрғындардың біразы несие алып, тұрғын үй, монша-дүкен салып тастаған. Ал, өзгелері өзімдікі деп жүрген жерлерінің тағы да иесі бар екендігін білгеннен кейін бар жұмысты тоқтатып қойып, қазір соттың табалдырығын тоздырумен жүр.

Ал «Отаустрой» компаниясы өкілдерінің айтуынша, олар жалпы аумағы 5 гектарға жуық жерді Атырау әкімдігінен 2007 жылы 39 миллион теңгеге сатып алыпты. Бірақ 2013 жылы алаяқтар жер телімін «Атыраупроектсервис» атты мекеменің атына жалған құжаттар арқылы аударып, сатып жіберген. Айтуларынша, оларға жергілікті прокурорлар көмектескен көрінеді.

Қарлығаш Дүйсенова, «Отаустрой» ЖШС өкілі:

-Атырау облыстық прокуратурасы жасалған құжаттардың барлығын тексеріп, жер телімдерін біздің келісімімізсіз өзгелердің алуын заңды деп тапқан. Олардың тексерісті қандай негізге сүйеніп жүргізгені де әлі күнге дейін жұмбақ болып тұр. Ал әзірге екі тарап та сот шешімін күтіп отырмыз. Содан кейін ғана бұл мәселені шешу жолдарын қарастыратын шығармыз.

Атырау облыстық прокуратурасындағылар қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар қазір қандай да бір болжам айту қиын деп отыр. Ал Атырау қалалық сотында «Отаустрой» компаниясының шағымы негізінде жер сатып алған тұрғындарға қатысты жүріп жатқан сот шешімі жуықта шығып қалуы мүмкін.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы