jasqazaq.kz

Алаяқ мұғалім оқушы қыздың алтын бұйымдарын алып қойған

22 қараша 2017, 12:00

Екібастұзда мұғалім оқушы қыздың аса ірі көлемдегі алтын бұйымдарын алаяқтық жолмен алып алған деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, мұғалімге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Екібастұздағы мектептердің бірінде физика пәнінен сабақ беретін 23 жастағы мұғалімге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің 11-сынып оқушысының сеніміне кіріп, алдап, анасының еміне ақша керек болып жатыр деген сылтаумен оның алтын бұйымдарын иемденіп алған. Алған бұйымдарды мұғалім ломбардқа өткізіп, қолына шамамен 240 мың теңге алған. Оқушы қыз өз кезегінде алтын бұйымдарын қайтармақшы болады, бірақ мұғалімнен жауап болмаған соң қыз барлығын ағасына айтып беріп, осы жайлы Instagram желісіндегі парақшасында жазады», — делінген өңірлік полиция департаментінің ресми сауалған берген жауабында. Полициядағылар қазіргі уақытта барлық бұйымның тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылғанын айтып өтті. Ал мектептегілер бұл оқиғаға қатысты қандай да бір пікір беруден бас тартып отыр. «Физика мұғалімі сырқаттанып қалуына байланысты сейсенбіде, яғни, 21 қарашада жұмыс шығатынын айтқан болатын», — деді Екібастұздың білім бөліміндегілер. Бірақ мектептің қабылдау бөліміндегілер мұғалімнің әлі жұмысқа шықпағанын айтты.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті