Алаяқ әйел қызылордалықтарды грант әперемін деп алдап кетті

24 шiлде 2023, 12:45

Қызылордада 19 тұрғынды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері 19 қала тұрғынын сыйақы үшін қайтарымсыз грант алып беремін деп уәде берген 42 жастағы әйелді анықтады. Polisia.kz хабарлағандай, күдікті әйел 2022 жылдың наурыз айынан бастап қайтарымсыз грант алып беруге мүмкіндігі бар екендігін айтып, 19 жәбірленушіден жалпы сомасы 26 миллион 730 мың теңге ақша алған. Ақшаны алғаннан кейін әлгі әйел телефон қоңырауларына жауап бермей, қашып жүрген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас әрекеттерінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жалғасуда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қызылордалық полицейлер азаматтарға қырағы болып, бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін тағы да ескертеді. Несие немесе басқа да әлеуметтік-материалдық көмек алуда күмәнді көмек ұсынатын, сондай-ақ ақша үшін жұмысқа орналасуға уәде беретін алаяқтарға сенім білдірмеңіз.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды