Алатауда от тұтатқандар 5 миллион теңге айыппұл арқалаған

25 шiлде 2023, 17:52

Алматы тауларында от жаққан 100 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов айтты.
«Таулы орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында 90-нан астам бірлескен рейд жүргізілді. Оның барысында 7 мыңнан астам демалушыға жадынама таратылды. 170 — тен астам от жағу фактісі тоқтатылды, жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам сомаға 100 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаз табиғи өрттің пайда болу қаупі айтарлықтай артатын уақыт екені бәріңізге белгілі. Олар қоршаған ортаға, экономикаға және адамдардың денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Ауа райы болжамына сәйкес, шілде айының соңында температура 40 градусқа дейін көтерілетін ыстық ауа райы күтіледі. Бүгінде «Қазгидромет» 2023 жылғы 23 шілдеден бері төтенше өрт қаупін сақталатынын айтып, шұғыл ескерту жасап жатыр», — деді Данияр Жүсіпов. Департамент өкілі таулы жерде шылым шегіп, от жақпауға кеңес берді. Туристерге құлаққағыс, Іле Алатау ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған 14 орын, Алма-арасан шатқалының аумағында -12 орын, «Бутаковкада» 2 орын бар.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды