jasqazaq.kz

Алапат өрт спортшыларды жаттығу залынсыз қалдырды

23 қараша 2017, 22:41

Тілсіз жау бақандай 3 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Қайта адамдары аман. Десе де, жаттығу залын несие алып ашқан кәсіпкер миллиондап шағынға батты. Өрт қасақана қойылған болуы мүмкін. Өйткені, алғашқы сараптама соны меңзеген екен. Жалпы, спорт кешені сақтандырылғанымен, өтемақыны төлеу ұзаққа созылатын түрі бар, деп хабарлайды ktk.kz.

Ел бойынша ең алып жаттығу залы ашылғанда алматылықтардың қуанышында шек болмаған. АҚШ, Швейцария, Ресей дейсіз бе, әлемнің 8 елінен ең таңдаулы деген спорт жабдықтары осында әкелініп, спортсүйер қауым қызығына тоймай жүріпті. Алайда, көпшіліктің қуанышы ұзаққа созылмады. Аяқасты шыққан алапат өрт су жаңа спорт кешенін әп-сәтте жоқ қылды.

Мейрам Көшенов, спортзал иесі:

-Мұнда су жаңа 40 дана қол тренажеры тұрған. Ал қабырғада 86 зілтемір ілініп тұрды. Ал ана жерде 10 дана қымбат велотренажерлар тұрды. Көріп тұрсыздар, бірі де жоқ. Түнгі үшке дейін осында жаттығып, есігін құлыптап қайттық. Өрт таңғы 4-те тұтаныпты.

Жаттығу залының иесі, әрі спортшы Мейрам Көшенов өрттің тоқтан болмағанына сенімді. Өйткені, электр көздері бәрі аман. Әрі, құтқарушылардың алдын-ала болжамы да осындай.

-Бір-ақ түнде күлге айналған спортзалды кәсіпкер банктен алажаздай 168 миллион теңге несие алып ашқан екен. Мына қымбат спорт жабдықтарын да қарызданып алған. Енді өрттің кесірінен тақырға отырған жігіт банкирлерден өзіне түсіністікпен қарап, тым болмаса төлемақыны бір жылға кейінге шегеруді сұрап отыр.

Бұл спортзалының ерекшелігі сол, мұнда мүгедектер тегін жаттығып жүріпті. Көзі көрмей, өздігімен жүрмесе де, осында күш жинап, біразы талай жарыста жеңімпаз атанған.

Айтбек Аубаев:

— Мейрамның достары бәріміз асар жариялап мүмкіндігінше бәрі көмектесіп жатыр.

Айтбекпен бірге мұнда 350-ге жуық қыз-жігіт келіп жүріпті. Бәрі дерлік жаттықтырушысына жұбату айтып, барынша қолдауға тырысқан. Тіпті, өз арасында шот ашып, кәсіпкерге көмек ретінде қаражат жинап жатыр. Негізі спорт кешені 228 миллион теңгеге сақтандырылған екен. Бірақ өтемақының бүгін-ертең төлене қоюы екіталай. Алдымен, сараптама қорытындысы шығуы керек.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті