jasqazaq.kz

АЛАМЫН ДЕП, АБАҚТЫҒА ҚАМАЛДЫ

20 сәуiр 2016, 16:23

Қарындасым күлді маған қарап. Медицина академиясын қызыл дипломмен бітірген Салтанаттың жұмыс іздеп, емдеу мекемелерінің табалдырығын тоздырғанына «алты ай аунап» кеткенін білетін едім. Жұмыс тапқан екен деп қуанып қалдым:

— Иә, қуаныштысың ғой, жұмыс тапқансың ба?

— Жоға, — деді ол тағы да жымыңдап, — мен білдім, неге жұмысқа тұра алмай жүргенімді.

— Неге екен? – дедім мен таңданып.

— Пара бермеген соң тұра алмай жүр екенмін ғой. Мінекейіңіз, ағатайым, көре қойыңыз да, түсіне қойыңыз.

Салтанат ұсынған бір жапырақ қағазға көз жүгіртіп шықтым. Сөйтсем, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Жамбыл облыстық департаментінің ресми мәліметінде «тайға таңба басқандай» былай делініпті: Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Масалимов пен оның орынбасарлары Р.Бижігітова және Г.Жақсыбекова ұсталған. Сондай-ақ, басқарманың мемлекеттік сатып алулар, мониторинг және техникалық бақылау, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары Б.Бейсебаев пен И.Аймағанбетов те осы топппен бірге құрыққа түскен екен. Барлығы да Тараз қалалық ІІБ-ның уақытша оқшаулағышына қамалыпты.

Ресми мәліметке жүгінсек, аталған лауазымды тұлғалар облыстағы медициналық мекемелерден 300-ден 10 мың долларға дейін үзбей ақша алып отырыпты.

— Түсіндім, — дедім мен де қарындасыма аңтарыла қарап, — неге сенің ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаса алмай жүргеніңді мен енді өте жақсы түсіндім.

Марат МАМАНБАЙ

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету