jasqazaq.kz

Алакөлге дейін қосымша вагондар мен билет құны қолжетімді әуе рейстері іске қосылады

20 мамыр, 12:14

Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жазғы маусымда Алакөл бағытында қосымша вагондар мен әуе рейстері көбейеді.
Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты арқылы жетуге болады. Оның 4-еуі — жыл бойы қатынайтын бағыт болса, тағы 9-ы — маусымдық қосымша бағыттар. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан қатынайды.
Алматы – Алакөл:
1. № 207/208 «Алматы-2 – Жалаңашкөл» (аптасына 2 рет);
2. № 221/222 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
3. № 211/212 «Алматы-2 – Достық» (маусым–шілдеде жұп күндері, тамызда тақ күндері);
4. № 337/338 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
5. № 21/6941/6942/22 «Алматы-1 – Достық» (жұп күндері).

Астана – Алакөл:
1. № 54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
2. № 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
3. № 122/6942/6941/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері).

Басқа бағыттар:
1. № 31/6942/6941/32 «Павлодар – Достық» (жұп күндері);
2. № 21/6942/6941/22 «Қызылорда – Достық» (тақ күндері);
3. № 457/458 «Семей – Достық» (тақ күндері);
4. № 459/460 «Өскемен – Достық» (тақ күндері);
5. № 6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (күн сайын).

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлдің қасында орналасқан Үржарға субсидияланатын рейстерді орындай бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады. Астана — Үржар бойынша бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге, ал Алматы — Үржар бағыты бойынша – 14 мың теңге.
Оған қоса, жаз мезгілінде Үшарал қаласына субсидияланатын әуе рейстерін іске қосу мәселесі пысықталуда.
Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы Алакөлге дейін апарады. Бұл жолға толықтай жаңа асфальт төселді.
Жетісу облысы жағынан Үшарал арқылы одан кейін 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен өтіп, көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.
Абай облысы жағынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.
Алакөл көліне апаратын барлық республикалық маңызы бар автожолдарда жаңа асфальтбетон жабыны төселді.

JQ-Aqparat

Фото: egemen.kz

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр