Күні кеше заңды түрде некеге тұрып, отбасын құрған Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызы елордадағы қымбат қонақүйлердің бірінде романтикалық кеш өткізген.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Мақсатқызының айтуынша, арнайы тосынсыйды оның құрбысы әрі қонақүй иесі Динара Сәтжан жасаған.
Бұл ретте Баян Алагөзова (экс-Есентаева) раушан гүлдерімен көмкерілген қонақүй бөлмесін көрсетіп мақтанды.
Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 7 желтоқсан күні сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықты. Атышулы продюсер ресми түрде тегін Алагөзова деп ауыстырған.