jasqazaq.kz

Әл-Фараби ауданында 30 көшеге асфальт төселеді

18 тамыз 2022, 10:28

Әл-Фараби ауданы аумағының басым бөлігі қала орталығында орналасқандықтан инфрақұрылыммен көрсеткіші 99,7% құрап отыр. Қазір халық санының өсуіне байланысты шағынаудандардың жаңақұрылыс аймағына ауыз су, электр қуаты, табиғи газ және жол құрылысы қарқын алған. Бұл туралы аудан әкімі Рашит Мыңбаев баспасөз брифингте айтты.

Жуырда Сәуле шағынауданындағы «Жаңабазар» көшесінде су жүйелері салынып, ел игілігіне берілді. Нәтижесінде 40-тан астам үй сапалы ауыз суға қол жеткізді. Қазір Текесу тұрғын алабына су тарту құрылысы атқарылып жатыр. Құрылысты «Жаңару» ЖШС жүргізуде. Мердігер мекеме жұмысты жыл соңына дейін аяқтап, қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Осы шағынаудандағы 276 орамға сапалы электр желісін жеткізу үшін «Ақсемсер стройсервис» мердігер мекемесі құрлыс жүргізуде. Қазір жалпы жұмыстың 95%-ы атқарылған. Желі тарту жұмысы қыркүйек айына дейін аяқталады. Нысан қолданысқа берілсе, шағынаудан толық сапалы электрмен қамтылады.

Ауданда Ақтас-2 мен 276 орам тұрғындары бүгінде қатты отынды пайдаланып отыр. Көгілдір отынмен қамту мақсатында Ақтас-2 шағынауданында газ құбырын тарту жұмысы жүргізілуде. Р.Мыңбаевтың сөзінше жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, шағынаудан 100% табиғи газбен қамтылатын болады. Ал, 276 орамға газ жеткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.

– Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87% құрайды. Биыл Шолохов көшесінде кәріз жүйесінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Хлопзавод көшесіне кәріз тарту үшін жуырда құрылыс басталды. Қазан айына дейін қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, ауданда ұзындығы 299,1 шақырымды құрайтын 404 көше бар. Жолдардың 88% асфальт, 12% тас жол. Жыл соңына дейін 30 көшеге асфальт төселеді,-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 28 балалар ойын алаңшасы орнатылды. Жыл соңына дейін жоба шеңберінде тағы 22 балалар ойын алаңшасы қойылады. Одан бөлек, 9 спорт алаңшасы салынып, 9 спорт алаң ағымдағы жөндеуден өтеді.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті