Әкімшілік іскерлік орталығындағы өрт сөндіру депосы тамызда аяқталады

13 шiлде 2023, 10:15

Құрылыс алаңына 80 жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған.

Бүгінде Шымкент қаласының аумағында бірқатар өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығынан бой көтеріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысып, сапасын қадағалады.

Жоспарға сәйкес, орталық әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Нысанның құрылысы биыл тамыз айында аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Қазір монтаждау және ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары мен абаттандыру құрылысы 80 пайызға аяқталған. Құрылыс алаңына 80 жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған.

Аралау барысында қала әкімі жауаптыларға ғимараттың тиісті талаптарға сай жабдықталуын бақылауды, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, Тұран шағын ауданында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің және Қайнар-бұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағының құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр. Ал 2025 жылы Солтүстік-Саяжай тұрғын алабында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені салынатын болады.

Шымкент қаласында маңызды құрылыс нысандарының жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Еске сала кетсек, құрылыс жобасына 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, мәдениет және 7 білім беру нысандары, 3 төтенше жағдай кешені, 4 спорт кешені, 2 саябақ енгізілді. Биыл жартыжылдықта 41,5 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты тұрғын үй, 3 білім, 2 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, 70 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Сонымен қатар, бірнеше қойманың да құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистегі құрылыс нысандарының жұмыстарымен жіті танысып, уақытында және сапалы атқарылуын қадағалауда.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды