jasqazaq.kz

Әкімнің экс-орынбасары қамауға алынды

31 қазан 2017, 12:12

Талдықорған қаласының әкімінің бұрынғы орынбасары 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Талдықорған қалалық соты 2017 жылдың 27 қазанында санкция шығарды. ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы «Пара алу» бабы бойынша, 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — дейді сот өкілдері. Мұның алдында Алматы облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Талдықорған әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағаны хабарланған болатын. «2017 жылдың 17 қазанында Соталды тергеулердің бірыңғай реестріне Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметтік тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі («Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы бірнеше рет пара алуы») бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркелді», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны және ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге мәліметтер жарияланбайтыны айтылады.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы