jasqazaq.kz

Әкімнен таяқ жеген оқушының ата-анасы жазаға тартылуы мүмкін

31 наурыз 2018, 13:35

Ақмола облысындағы Қорғалжын селолық округінің бұрынғы әкімі Жанат Омаров ұрған 8-ші сынып оқушысы Диас Мұқанның ата-анасы əкімшілік жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, мектеп оқушысын ұрып əлеуметтік желіні шулатқан Қорғалжын селолық округінің бұрынғы әкімі Жанат Омаровқа қатысты қозғалған әкімшілік іс жақында Қорғалжын аудандық сотына жолданған болатын. Сотта анықталғандай, экс-əкім Жанат Омаровқа қатысты ҚР ӘҚбК 7/1 бабының 1 бөлімі бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіру) əкімшілік іс қозғалған. Аталған санкция бойынша күдіктіге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалуы мүмкін. Осы іске байланысты сот отырысы 4 сəуірге жоспарланып отыр. Сонымен қатар, осы күні зардап шеккен Диас Мұқанның ата-анасына да қатысты сот шешім шығарады. Өйткені, елді шулатқан оқиға екі оқушының арасындағы төбелестен басталған. Яғни, бұрынғы əкім баласын ұрғаны үшін Диас Мұқанды соққыға жыққан көрінеді. Сол себепті, айыпталып отырған жақ баласын бірінші болып ұрған зардап шегуші Диас Мұқанның ата-анасын жауапқа тарту туралы сотқа арыз түсірген екен. «Диас кәмелеттік жасқа толмаған. Сондықтан оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК 7/1 бабының 1 бөлімі бойынша əкімшілік іс түсті. Бұл іс те ағымдағы жылдың 4 сəуірінде сотта қаралады. Сол кезде сот тарапынан нақты шешім шығарылады», деп түсіндірді соттың баспасөз қызметіндегілер.

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы