jasqazaq.kz

Әкімге тіл тигізген тұрғын 15 күнге қамалды

24 қараша 2017, 12:14

Павлодарда Шарбақты ауылының әкіміне тіл тигізген тұрғын түрмеге қамалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

49 жастағы азамат әкімге балағат сөздер жаудырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған. Белгілі болғандай, бұзақылық үшін екі рет істі болып үлгерген жұмыссыз азамат 6 қазан күні әкімдікте жанжал шығарыпты.

Ол Шарбақты ауылының әкімі Мақсұт Жиенбаевқа және оның екі әріптесіне тіл тигізеді. Сотта ер адам ешкімге тіл тигізбегенін, әкімдікке өзінің еңбек өтілін талқылау үшін келгенін алға тартты.

Әкім болса, мәселесін жөнді түсіндірмей, балағат сөздер жаудырған азамат полиция келгенше бас маман мен хатшыға да тіл тигізгенін айтуда. Әкімдік қызметкерлері басшысының сөздерін растап отыр.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып оны 15 тәулікке қамауға алу шешімін шығарды.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті