Әкім бұлтарыстан тас ататын ботофермаларға жауап берді

26 шiлде 2023, 17:46

Алматы мен Шымкент сияқты мегаполистердің әкіміне қарсы ақпараттық шабуыл еш толастаған емес. Тек кемшілік іздейтін, кейде жақсыны жасырып, жаманды асыратын блогер немесе ботоферманың арқасында жайлы да майлы орынға көз тіккен тапсырыс берушілердің тұратыны белгілі.
Содан шығар, Әйтеновке әбден шүйліккендер енді Досаевқа ойысты. Алдымен “сойқан пост” жазды. Одан түк шықпаған соң Батыстың құйтырқы қаруы — петицияға жүгініп, әкімнің отставкаға кетуін талап етті.
Ерболат Досаев бүгін сол қол жинағыштарға жауап берді. Әкім “ Бұл жерде ботофермалар білек сыбанып жұмыс істеп жатқан сияқты. Петицияны көрдім. Ол жерде кейбіреулердің кім екені, аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі жазылмаған” деді.
Е. Досаев Алматы сияқты алып шаһардың жанды организм екенін, күн сайын бір мәселе шығып отыратынын жасырмайды. Сол себепті, қала тіршілігіне қатысты тұрғындардың ой-пікірін қашанда маңызды. Дегенмен, әкім өзін осы қызметке Мемлекет басшысы тағайындағанын, қызметіне де Президент баға беретінін мәлімдеді.
Ал петицияға келсек, оған 57 мың адам қол қойған көрінеді.

Малта Езер

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды