jasqazaq.kz

Әкім 8-сынып оқушысын соққыға жыққан

25 ақпан 2018, 14:27

Ақмола облысында 8-сынып оқушысын соққыға жыққан Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Қорғалжын ауданының тұрғыны Айгүл Бекжанова фейсбук әлеуметтік желісіне А.Төлеубаев атындағы орта мектепте оқитын ұлы, 8-сынып оқушысы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров соққыға жықандығы туралы жазған болатын. Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «миы шайқалған» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізіп, нейрохирургия бөлiмшесінде жатқанын айтқан еді. Бұл жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін қатаң сынға алды. Осы мәселе бойынша  прокуратура органдарына сауал жолданған еді. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі сауалға жауап ретінде төмендегіні хабарлады: «Мұқан Диастың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Тергеу барысында Ж. Омаровтың əрекеттеріне құқықтық баға беріліп, жақын арада процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істің тергелуі Ақмола облысы прокуратурасының бақылауына алынды».

Бүгін, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
Бүгін, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
Бүгін, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
Бүгін, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
Бүгін, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
Бүгін, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
Бүгін, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Бүгін, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар