Мұндай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков бөлісті.
Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша Меркі ауданынан 5 адам ұсынылды. Атап айтсақ, ӘлияӘубәкірова, БақтиярХасанбаев, ҒалымАрыстанбаев, ЗухраБейсенбаева, АбзалӘбішев. Жобаны ақпараттандыру және насихаттау азаматтардың қатысу аудиториясын кеңейту жұмыстарына аудандық БАҚ жұмылдырылған. Бүгінгі күнге аталған азаматтар арасынан ҒалымАрыстанбаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енді. Ол 8 жетім баланы асырап, өсіріп отыр.