jasqazaq.kz

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жыл соңында шешіледі

13 қараша 2017, 17:30

 Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша соңғы сот үкімі 2017 жылдың аяғына дейін шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Ақжарқынның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті. 

«Сот процесі 2017 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Осы уақытта Ақжарқын Тұрлыбайға үкім шығады. Сот үкімі Ақжарқын пайдасына болады деп үміттенеміз. ҚР СІМ біріге отырып Ақжарқынның анасына виза жасау мәселесін шештік. Министрліктің арқасында Ақжарқынның анасы 1 жыл бойы Қытайға кедергісіз кіріп шыға алатын болды», — деді Сұңқар Нұрмағамбетов. Ақжарқынның қорғаушысы мен ҚР СІМ Қытайдан Қазақстан азаматтарын қайтару туралы халықаралық келісімнің тармақтарын пайдаланбақ. Айта кету керек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Қыздың сөмкесінен 4,5 келі амфетамин табылған. Анасының айтуынша, киім сатып алуға кеткен Ақжарқынға біреулер есірткі салып жіберген. 2016 жылдың 2 қарашасынан бастап ҚХР Гуандун провинциясының соты Ақжарқын ісін қайта қарап жатыр.

 

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы