jasqazaq.kz

Ақыт Үлімжіұлының 120 жылдай бұрын жарияланған шығармаларының түпнұсқалары жарық көрді

30 қазан 2017, 13:30


ҚазАқпарат — Ірі ғұлама, діни қайраткер, қазақ жазба әдебиеті негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ақын Ақыт Үлімжіұлының туғанына 150 жыл толуына орай Моңғолияда жаңа кітап жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл — Ақыт жайлы зерттеулер және осыдан 120 жылдай бұрын Қазан қаласында Шағатай әліпбиінде жарық көрген шығармаларының түпнұсқалары қамтылған тұңғыш кітап. Аталған құнды шығарма моңғолиялық қандасымыз, тарих ғылымдарының докторы (Sc.D), профессор, Құрметхан Мұхамадиұлының ұзақ жылдық еңбегі нәтижесінде оқырмандарымен қауышқалы отыр екен.

«Моңғолия Ғылым Академиясының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы (Sc.D), профессор, Құрметхан Мұхамадиұлының көп жылғы жинақтаған ғылыми зерттеулерін арнайы редакторлап, толықтыру арқылы оқырманға ұсындық.

Бұл кітапқа Ақыт Үлімжіұлы туралы зерттеулермен қатар сонау 1895-1910 жылдары Қазан қаласы баспаханаларында жарық көрген шығармаларының түпнұсқалары енгізілуімен ерекшеленді. Ғылыми негізде сараптанып, кең көлемде зерттеліп жазылған ғылыми ізденіске оқырман өз бағасын береді деп сенеміз» дейді facebook-тегі жазбасында Seytkhan Shinarbek есімді желі қолданушысы.

Айта кету керек, Ақыт Қажы Үлімжіұлы — 1866 жылы ҚХР Шыңжан өлкесі Алтай аймағы Көктоғай ауданында дүниеге келген қазақ ақыны, діни қайраткер, халық ағартушысы. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып, араб, парсы тілдерін жетік білген, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1939 жылы Шэнь Шицай үкіметі тұтқынға алып, мешітін талқандап, кітаптары өртеліп, 1940 жылы түрмеде азаптап өлтірілген.

Ақыт Қажы атамыздың 1891 — 1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан «Жиһанша», «Ахиретбаян», «Сәйпілмүлік — Жамал» дастандары, «Абият ғақидия», «Сейітбаттал Ғазы», «Ишан Махмұд» аталатын кітаптары бірнеше рет жарық көрді. Оның шығармалары «А. Алтайский» деген бүркеншік атпен «Айқап» журналына да жарияланып тұрған.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы